03
қазан
2025
«Ұстазыма хат» бұрышы
5-сынып оқушылары ұстаздарына деген алғыс пен ыстық ықыластарын ерекше жолмен жеткізді. Олар мектепте арнайы «Ұстазыма хат» пошта бұрышын ұйымдастырып, сүйікті ұстаздарына хат жазды. 
Хаттардың әрбірінде – шын жүректен шыққан жылы сөздер, тәтті тілектер мен мейірімге толы ойлар бар. 
Мұндай бастама ұстаздарымызға қуаныш сыйлап қана қоймай, оқушыларға да жақсы көңіл-күй сыйлады. 