
Бүгінгі таңда әлем өзгеруіне байланысты балалар мен ата-аналардың көзқарастары да өзгерді. Сондықтан мектеп алдына қойылатын талаптар да өзгертілуі тиіс. Бұрынғыдай мұғалімнің монологіне құрылған жиналыстан гөрі, топтық жұмыс арқылы ата-аналардың бірлесе әрекет етіп, проблеманы талқылағаны әлдеқайда тиімді. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-анасы екені анық. Отбасы қандай болса, өсіп келе жатқан ұрпақ та сондай болады.
1 «Ә» сыныбында ата-ана жиналысы өткізілді
Сынып жетекшісі Нұрабаева Айжан Есімбекқызы
