«Адам өміріңе қауіпті тәуелділіктер: ақпараттық сағат» » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адам өміріңе қауіпті тәуелділіктер: ақпараттық сағат»
20
желтоқсан
2024

«Адам өміріңе қауіпті тәуелділіктер: ақпараттық сағат»

🔰 Адам өміріңе қауіпті тәуелділіктер: ақпараттық сағат
Әр нәрсенің пайдалы әрі зиянды жағы бар. Иә, ғаламтор қажет бірақ өз орнымен пайдалану қажет. Ғаламторға тәуелділіктің соңы жақсылыққа апармайды, ғаламтордың жаман тұстары болатыны өкінішті.  Ғаламтор желісіне қосылған бала өзіне, сабаққа қажетті сайттармен қатар, ақылы ойындарға  кіріп кетеді. Міне, бұл сүбелі мәселе болып тұр. Қазіргі кезде жастарымыздың баршаға топырақ шашпаймыз, ой-пікірі, ізденісі жоқ. Ойланудың да қажеті жоқ. Ғаламторға жазасың, мезетте тауып береді. Көшіріп жазып, бере саласың. Тіпті іздеп, қиналудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда кітап ұстайтын, кітапханаға баратын оқушыларды сирек кездестіреміз. 
Эссе, шығарма жазу керек болса, ғаламтордан іздеп, чат gpt -де жазып дайынын тіпті оқымай бере саламыз. Мұғалім сол шығарманың  мазмұнына сай  бір сұрақ қойса, ойланып қаламыз. Өйткені, жалқаулық билеп алғаны соншалық, берілген тапсырманы оқудан да қалдық. Технологияның және жалпы өмірдің дамуымен қатар адамдарда жаңа тәуелділіктер пайда болады. Әдетте,  тәуелділік адам денсаулығы мен психикасына негатив әсер етеді. Оған қоса, адам өзіндегі бұл дұрыс емес әдеттерді байқай бермейді. Сондықтан осы тақырыпта мектебімізде «Адам өміріңе қауіпті тәуелділіктер: ақпараттық сағат» SOS сағат  9 «А» сынып білім алушылар арасында ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушы: Ерпаизова К.Е.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив