17
қаңтар
2025
Мектебімізде 13-17 қаңтар аралығында «Оффлайн күні» (интернетсіз бір күн) қалалық акциясы ұйымдастырылып жоспарланды.
Аталған шараның мақсаты – бір күнді интернетсіз өмірге арнап, уақытты тиімді өткізу. Жасөспірімдерде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және олардың санасын пайдалы бағытқа қарай өзгерту. Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу.
Осыған орай, мектебімізде аталмыш акция ұйымдастырылып, іс-шара өткізілді және қатысқан оқушыларымыз сертификаттармен марапатталды.
Ұйымдастырған: Тауасарова Фариза 
