16 қаңтар 2025 жыл – "Үздік педагогтерден – STARTUP-идея" тәжірибе алаңы » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 16 қаңтар 2025 жыл – "Үздік педагогтерден – STARTUP-идея" тәжірибе алаңы
17
қаңтар
2025

16 қаңтар 2025 жыл – "Үздік педагогтерден – STARTUP-идея" тәжірибе алаңы

📢 16 қаңтар 2025 жыл – "Үздік педагогтерден – STARTUP-идея" тәжірибе алаңы
✨№67 орта мектепте "Үздік педагогтерден – STARTUP-идея" тәжірибе алаңында үздік педагогтер Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы мен Омарова Айнұр Жамалбекқызымен мазмұнды кездесу өтті.
🎤 Кездесуді мектеп директоры *Тұрысбек Мұрат Жарылқапұлы* ашып, алаңның маңыздылығын атап өтті:
"Үздік педагогтерден – STARTUP-идея" тәжірибе алаңы – бұл педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін арттырып, жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін инновациялық платформа."
*Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы:*
"Авторлық бағдарлама – менің тәжірибем мен ізденісімнің нәтижесі. Оның мақсаты – оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын жетілдіру, әрі шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бағдарлама оқыту процесін қызықты әрі тиімді етіп ұйымдастыруға бағытталған."
*Омарова Айнұр Жамалбекқызы:*
"Қазақ әдебиеті бойынша интерактивті театр" идеясы оқушыларды әдебиетке баулу үшін сахналық қойылымдар арқылы шығармаларды терең түсінуге мүмкіндік береді. Әдеби кейіпкерлерді сомдау, диалогтарды сахналау және көрерменмен интерактивті қарым-қатынас жасау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады."
🌟 Кездесудің нәтижесі:
Үздік педагогтер мектеп мұғалімдерімен өз тәжірибелерімен бөлісіп, авторлық бағдарлама мен педидеяның ерекшеліктерін ашты. Ашық пікір алмасу барысында тың идеялар мен практикалық ұсыныстар талқыланды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив