нышаны!
Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңының 5-бабы, 39-тармағына сәйкес,
орта білім беру ұйымдары үшін міндетті
мектеп формасына қойылатын талаптарды
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Мектеп формасына қойылатын негізгі
талаптар:

Классикалық стильде, бірыңғай ҚАНЫҚ КӨК түс гаммасымен тігіледі;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай
таңдалады;

Күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді;

Діни конфессияларға байланысты киім элементтерін пайдалануға тыйым салынады.

Ата-аналар мен заңды өкілдердің міндеттері (ҚР «Білім туралы» Заңының 49- бабы, 2-тармағы бойынша):

Мектептің жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

Баланың сабаққа қатысуын қамтамасыз
ету;

Білім беру ұйымы бекіткен міндетті мектеп формасын орындау.

Оқушылардың да міндеті - мектеп
формасына қойылған талаптарды бұлжытпай орындау (ҚР «Білім туралы» Заңы, 47-бап, 15-1 тармақ).

Ескерту! Міндетті мектеп формасын
сақтамаған жағдайда:

Ата-аналарға ҚР Әкімшілік құқық, бұзушылық туралы кодексінің 409-бабы
бойынша ескерту немесе айыппұл салынуы
мүмкін.

Оқушыларға ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік шара қолданылады.

Мектеп формасы - бала бойындағы тәртіп пен жауапкершілікке бастар алғашқы қадам. Бірге атсалысайық!