05
ақпан
2025
Қызықты әдіс-тәсілдер!
«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1– баспалдағы Мен……………….БІЛЕМІН
2–баспалдағы Мен……………….ТҮСІНЕМІН,
3–баспалдағы Мен…………….ЖАСАЙ АЛАМЫН
«Таңдау»әдісі
1. Мен сабақты қызықты____________қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені______________үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият______________зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға_______________сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын______________риза емеспін
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.
Кері— байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
1. Чемодан (суреті)
2. Қоқыс жәшігі (суреті)
3. Еттартқыш (суреті)
-Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған , артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар(жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар(жазыңыздар).
