
Қазақ қыздарының ауыр тағдыры, әсіресе, ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ең өзекті тақырыптардың бірі болды. Осындай өзекті тақырыпқа жазылған шығарманың бірі-Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты.«Шұғаның белгісі»атынан-ақ оқырманын елең еткізетін шығарма .

Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқу оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамытады, рухани дүниесін байытады эстетикалық талғамын жетілдіреді, адамгершілік қасиетін қалыптастырады

Осы мақсатта 9-сынып оқушылары арасында «Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятына менің көзқарасым» атты әдеби-талдау сағаты өтті .Әдеби-талдау сағатында оқушылар шығарманы жан-жақты талдап ,туындыдан алған әсерін қылқаламмен ақ қағаз бетіне түсірді.Әдеби- талдау сағаты қызықты да тартысты өтті