
«Зерде» білім сапасын арттыруға бағытталған жоба негізінде тестілеу үдерісін ұйымдастыру үшін арнайы алаң құрылды. Білімді бағалау және дамыту: Әкімшілік бақылаудан халықаралық зерттеулерге дейін «ONLINE TEST PAD» платформасы барлық мектепішілік бақылаулар белгіленген жоспар бойынша алынып, нәтижесі шығып отырады. 26 ақпан 2025 жылы әкімшілік бақылау жүргізу мақсатында 7-8 сынып білім алушыларынан тест алынды. Білім алушыларымыз 10 пән бойынша (қазақ тілі, алгебра, Қазақстан тарихы, информатика, физика, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі, химия, биология, география) тест тапсырып білімдерін көрсетіп, нәтижесімен өздері танысып отырды.
Мақсаты: Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау әдістерін жетілдіру, нәтижесін талдау арқылы оқу үдерісін жетілдіру.