
“Дәстүр ізімен: ұлттық шекелік” шеберлік сыныбы


19-наурыз күні №67 орта мектептің 6 “А” сынып қыздары үшін ерекше “Дәстүр ізімен: ұлттық шекелік” атты шеберлік сыныбы өтті.

Ұйымдастырушылар:

“Аналар тағзым” орталығының үйірме жетекшісі, ЗМ “НИШ” ұстазы Жолдыбайқызы Жазира

№67 орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Кошанова Айгерім Алтынбекқызы

Сынып жетекшісі: Базылбекова Балжан

Мақсаты:

Оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу

Өзіндік шығармашылық қабілеттерін дамыту

Өз қолдарымен ұлттық бұйымдар жасау

Шеберлік сыныбы барысында қыздар дәстүрлі материалдармен жұмыс істеп, қазақтың бай мәдениетімен жақынырақ танысты. Өз қолдарымен жасаған бұйымдары олардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабыт сыйлады.

Ұлттық мұраны дәріптеуге арналған бұл шара оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттырды.
