21
наурыз
2025
Мектебімізде Наурыз мерекесі ерекше көңіл-күймен, ұлттық дәстүрлермен және қызықты шаралармен аталып өтті.
Мерекелік шара барысында ұлттық тағамдар дайындалып, концерттік бағдарламалар ұсынылды. Ұстаздар өнері, биі мен әндері баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар арасында жарыстар өтті.
Наурыз — жаңару мен жаңа бастамалардың мерекесі. Біздің мектепте өткен Наурыз думанында достық, ынтымақтастық және бірлік сезімі ерекше байқалды. Барша мектеп ұжымын, оқушыларды және ата-аналарды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! 