
“Өнерлі ұрпақ - салауатты өмірдің жарқын болашағы” атты апталық аясында, дене шынықтыру пәнінен 3 “А” сыныбымен ашық сабақ өткізілді.

Пән мұғалімі: Тауасарова Фариза Мухамеджановна

Тақырыбы: Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі

Мақсаты: Қозғалыс қызметін жақсартады. Қиындықтарды еңсеру шеберлігі мен машықтарын жігерлендіреді.

Сабақ барысында жасанды интеллект пен заманауи технологиялар қолданылды.

Түрлі әдіс-тәсілдермен сабақ өте қызықты әрі тиімді өтті!

Білім алушылар топпен жұмыс жасау барысында ұйымшылдық, тәртіп және бір-біріне деген қолдау көрсете білді.

Сабақ соңында білім алушылардан «Inside out» атты мултьфильм әдісімен стақанға түрлі түсті шамдарды салу арқылы рефлексия(кері байланыс) алынды.

Барлық топтар қозғалыс тапсырмаларын нақты және мұқият орындады.