
СЕЙСМОЖАТТЫҒУ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ!

№67 орта мектебінде 2025 жылдың 18 сәуір"Жер сілкінісі", "Өрт кезіндегі іс-әрекет" тақырыбында сейсможаттығу өткізілді.

18.04.2025 ж
Бүгін мектебімізде төтенше жағдайлардың алдын алу және оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында *сейсможаттығу* өткізілді.

Дабыл белгісі берілген соң:

Оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіз әрі жүйелі түрде ғимараттан шықты;

Барлық қатысушылар бекітілген эвакуация тәртібіне сай әрекет етті;

Жаттығу барысында төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер пысықталды.

Бұл жаттығу – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мен төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуді үйретудің маңызды бөлігі.

Қауіпсіздік – әрқашан бірінші орында!