13
маусым
2026
№67 орта мектеп жанындағы «Келешек» жазғы демалыс лагерінде «ОйынLand» жобасы аясында «Күн сәулесі» тобымен «Ұлттық мұра» атты танымдық іс-шара өткізілді.
№67 орта мектеп жанындағы «Келешек» жазғы демалыс лагерінде «ОйынLand» жобасы аясында «Күн сәулесі» тобымен «Ұлттық мұра» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балаларды халқымыздың ұлттық құндылықтарымен таныстыру, ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және салт-дәстүрімізді насихаттау.
Шара барысында балалар асық ату, бес тас, тақия тастамақ және басқа да ұлттық ойындарды ойнап, олардың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Ұлттық ойындар арқылы оқушылар ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа және ұйымшылдыққа тәрбиеленді.
Балалардың көтеріңкі көңіл-күйі мен белсенді қатысуы іс-шараның жоғары деңгейде өткенін көрсетті. Ұлттық мұрамызды дәріптеу – әрбір ұрпақтың қасиетті борышы!
