13
маусым
2026
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 🍃
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 
Тараз қаласы №67 орта мектеп ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысты.
Акция барысында мектеп аумағы мен оған іргелес аумақтар тазартылып, сенбілік жұмыстары жүргізілді. Ұжым мүшелері қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға белсенді қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, жас ұрпаққа үлгі болады.
#ТазаҚазақстан #№67ОртаМектеп #Тазалық #Экология #БіргеТазаҚазақстан #ТаразҚаласы #Сенбілік #ЖасылБолашақ
