
“Жеңіс жыры – ұрпаққа аманат”


Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің құрметіне арналған мәнерлеп өлең оқу жарысы өтті.

Шараның мақсаты – оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, тарихи санасын қалыптастыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жарыс барысында қатысушылар соғыс тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен үздік оқушылар анықталып, марапатталды. 1-4 сыныптар арасында І орын – Советхан Еңлік, ІІ орын – Марат Дінмұхаммед, Чкалова Динара, ІІІ орын – Бекмұрат Ақжүрек, Асылбек Айкөркем. 5-8 сыныптар арасында І орын – Асхат Жанерке, ІІ орын –Төленді Ерболат, Набиян Раяна, ІІІ орын – Жомартқызы Гүлназ, Сержанұлы Ақжүрек, Балтабай Орынбасар

Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттырып, патриоттық рухын нығайтады.
