28
сәуір
2026
💧 «Суды үнемде – болашақты сақта» 💧
Бүгін мектебімізде «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға суды үнемді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ экономикалық жауапкершілік мәдениетіне тәрбиелеу.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, YouTube платформасы арқылы өткізілді. Сабаққа 7-8-9 сынып оқушылары белсенді қатысып, су ресурстарының маңыздылығы мен оны қорғау жолдары туралы құнды ақпарат алды.
