25
сәуір
2026
Мектебімізде өткен сенбілікке белсене қатысып, тал егіп, табиғатқа кішкентай болса да үлес қостық.
Бүгін ерекше күн болды 
Мектебімізде өткен сенбілікке белсене қатысып, тал егіп, табиғатқа кішкентай болса да үлес қостық. Әрбір отырғызылған көшет – болашаққа деген сеніміміз бен қамқорлығымыздың белгісі. Қолымызбен еккен әр тал ертең саялы ағашқа айналып, талай жанға көлеңке, таза ауа сыйлайтыны қуантады.
Табиғатты қорғау – тек сөзбен емес, іспен дәлелденетін жауапкершілік. Бүгінгі еңбегіміз соның айқын көрінісі болды. Бірлікпен атқарылған жұмыс әрқашан нәтижелі болатынына тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Жасыл ел – жарқын болашақ! 

