02
сәуір
2026
Сынып сағатының тақырыбы: «Заң және тәптіп» құндылығы
Сынып сағатының тақырыбы: «Заң және тәптіп» құндылығыКүні: 1.04.2026 ж.
Сыныбы: 5 «А»
Сынып жетекшісі: Абишева М.М.
Мақсаты:
Қоғамда заңға деген құрметті арттыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және тәртіпті сақтаудың маңыздылығын насихаттау. Әрбір адамның жауапкершілігін күшейтіп, әділ әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыруға үлес қосу.
Негізгі талқыланған мәселелер:
• Қоғамдағы заң бұзушылықтардың алдын алу жолдары
• Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
• Құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы
• Жастар арасындағы тәртіп пен жауапкершілік
• Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары
• Заң алдында бәрінің тең болуы қағидаты, мектептің ішкі тәртіп ережелері
• Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері
Заң — қоғамның тірегі, тәртіп — тұрақтылықтың кепілі.
Әр адам заңды құрметтеп, өз міндетін адал атқарса, ел ішінде тыныштық пен әділдік орнайды.
Тәртіп бар жерде — сенім бар.
Сенім бар жерде — болашақ бар.
Өз құқығыңды біл, өзгенің құқығын құрметте!
Әділ қоғамды бірге құрайық 