1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ! » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ!
17
наурыз
2026

1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ!

📢 1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ!
📆 2025-2026 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызда аяқталады.
📜 Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.
📌 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілген.
🔹 Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады.
📥 Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылады:
✔️egov.kz электронды үкімет порталы арқылы
✔️ Қағаз түрінде
⏳ Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
📌 Қажетті құжаттар тізімі:
📄 Ата-ананың өтініші
📸 Баланың 3х4 көлеміндегі цифрлық фотосуреті
🩺 «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды және «Профилактикалық екпелер картасы» №065/у нысанды медициналық анықтамалар
🏫 Микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған.
📌 (Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі).
🔹 Сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады
🔹 Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты 25 тамыздан кейін шығарады
📌 Ата-аналардан құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив