18
ақпан
2026
☀️🌍 Бүгін жаратылыстану пәні бойынша «Күн мен түн қалай ауысады?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Білім алушылар глобус пен шамды пайдаланып, Жердің өз осінен 24 сағатта бір рет айналатынын және Күнге қараған бетінде күн, ал қарама-қарсы бетінде түн болатынын тәжірибе жүзінде бақылады. 

Білім алушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Ашық сабақ өте мазмұнды әрі қызықты өтті!
Сынып: 3 “А”
Сынып жетекшісі: Мұратәліқызы Арайлым


