19
ақпан
2026
🔰Бүгінгі # 67 келешек мектепте «ҚМЖ құрастыру және критериалды бағалау – сапалы сабақтың негізі» атты тақырыпта семинар өтілді.
ҚМЖ жасау барысы туралы К.Еділқызы жан-жақты ашып түсіндіре білді. Семинар барысында топтық жұмыстар мен Кейстермен жұмыс жүргізді. Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) – мұғалімнің әр сабағын жүйелі, мақсатқа бағытталған және нәтижелі өткізуінің басты құжаты.
• Оқу мақсаттарының нақтылығы
• Сабақ мақсатының SMART форматы
• Саралау тәсілдерінің тиімділігі
• Әдіс-тәсілдердің оқу мақсатына сәйкестігі
• Қалыптастырушы бағалау түрлері
• Рефлексия мен кері байланыс
Критериалды бағалау тақырыбында А.Баймуратова өз тәжәрибесімен бөлісті. Бағалау түрлері мен қалыптастырушы бағалау, бөлім және жиынтық бағалау түрлеріне де толық тоқталып өтті. Педагогтер арасында жұптық, топтық тапсырмалар бере отырып, тәжірибе алмасты.
Критериалды бағалау – оқушы жетістігін әділ, ашық және нақты критерий арқылы бағалау жүйесі.
Тиімді ҚМЖ + дұрыс құрылған дескриптор = нәтижелі сабақ.
Бүгінгі сабақ – ертеңгі сапалы білімнің іргетасы! Белсенділік танытып, тәжірибемен бөлісіп, құнды пікір айтқан әріптестерге үлкен алғыс білдіреміз!


