30
желтоқсан
2025
Мектепішілік «Педагогикалық идея» байқауы
Мектепішілік «Педагогикалық идея» байқауы
Бүгін мектебімізде кәсіби шеберлікті шыңдауға бағытталған «Педагогикалық идея» мектепішілік байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқауға түрлі пән мұғалімдері қатысып, өздерінің жаңашыл әдіс-тәсілдерін, тиімді тәжірибелерін және авторлық идеяларын ұсынды.
Ұстаздар заманауи білім беру талаптарына сай, оқушы белсенділігін арттыруға бағытталған шығармашылық жобаларын таныстырып, кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті. Әр бір ұсынылған идея өзектілігімен, практикалық маңыздылығымен және қолдану тиімділігімен ерекшеленді.
Ұжымымыздың бірлігі мен ұстаздардың үздіксіз даму жолындағы ізденісі – мектебіміздің басты қуанышы.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
