*

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ — ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ!

*
Бүгін мектебімізде *әлеуметтік педагог пен мектеп медбикесінің* бірлесуімен *”Дұрыс тамақтану — салауатты өмір салтының негізі”* тақырыбында танымдық дәріс өтті.
Дәріс барысында оқушылар:

Тағам түрлерінің денсаулыққа әсері;

Таңғы астың маңызы;

Күнделікті дұрыс тамақтану режимі;

Витаминдердің рөлі мен фастфудтың зияны туралы толық ақпарат алды.

Әлеуметтік педагог оқушылармен тамақтану мәдениеті, отбасыдағы тамақтану тәртібі туралы әңгіме жүргізсе,

Медбике пайдалы тағамдар мен зиянды өнімдердің айырмашылығын түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді.

Дәрістің мақсаты — жасөспірімдердің дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру арқылы денсаулығын нығайтуға ықпал ету.