Бүгін мектебімізде 10-11 сынып оқушылары *«Qarzhy Sagshysy»* атты интерактивті 2D компьютерлік ойын тапсырмасын орындады.

Бұл ойын – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған заманауи құрал.

Ойын барысында олар қаржы басқару, жеке бюджет құру, жинақ пен шығынды дұрыс жоспарлау, тиімді шешім қабылдау сияқты маңызды дағдыларды меңгерді.

Қаржылық сауат – жарқын болашақтың кепілі!
