
Ашық сабақ: “Мы с приятелями друзья” | 5”Г”сыныбы
14.11.2025 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 5”Г”сыныбында «Мы с приятелями друзья» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың достық туралы түсінігін кеңейтіп, тілдік дағдыларын дамыту болды.

Сабақ барысындағы ерекшеліктер:

Жасанды интеллект арқылы жасалған мультфильм көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығы артты.

Жеке жұмыс – әр оқушы өз ойымен бөлісіп, сөздік қорын белсенді қолданды.

Жұптық жұмыс – бір-бірімен пікір алмасып, қарым-қатынас дағдысын дамытты.

Топтық жұмыс – ынтымақпен тапсырма орындап, ортақ шешімге келуді үйренді.

Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды.

Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылар белсенді, шығармашылықпен жұмыс жасады.
Бұл сабақ балалардың ой-өрісін кеңейтіп, достықтың құндылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Барлық оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығына рақмет!
