19
қараша
2025
1 «А» сыныбы – жылулық пен қуанышқа толы шығармашылық!
Мектебіміздің ашылғанына 1 жыл толуына орай өткен мектепішілік «Видеоролик байқауында» 1 «А» сыныбы өздерінің ерекше дайындалған видеожұмысын ұсынды. Балалардың шынайы көңілі, талаптылығы және бірлесе жасаған еңбегі видеороликке ерекше әсер сыйлады. Мазмұнының жинақылығы мен көріністерінің үйлесімділігі арқылы 1 «А» сыныбының жұмысы көпшілікке жылы әсер қалдырды.
