Ақпарат » Страница 52 » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
🎥 Мектепішілік видеоролик байқауы! 🎥 «Менің ата-анамның мамандығы»
06
қаңтар
2026
🎥 Мектепішілік видеоролик байқауы! 🎥 «Менің ата-анамның мамандығы»
 Мектепішілік видеоролик байқауы! «Менің ата-анамның мамандығы»  Әр мамандық – қоғам үшін маңызды! 7 «Б» сынып білім алушысы Набиян Інкар өз анасының жұмысын мақтанышпен таныстырды!  Байқаудың мақсаты: – Ата-ана еңбегіне құрмет көрсету – Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту – Мамандыққа деген қызығушылықты арттыру
❄️ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7 «Б» сынып оқушылары қысқы демалыс күндерін өте мазмұнды, пайдалы әрі қызықты өткізді.
06
қаңтар
2026
❄️ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7 «Б» сынып
 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7 «Б» сынып оқушылары қысқы демалыс күндерін өте мазмұнды, пайдалы әрі қызықты өткізді.  Балалар бос уақыттарын тек демалысқа ғана арнамай, рухани толысуға, мәдени және адамгершілік құндылықтарды бойға жинауға бағытталған іс-шараларға белсене қатысты.  Бірлік пен достықты ту еткен, тәртіп пен жауапкершілікті шыңдайтын бұл сәттер жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.  Адалдық пен парасаттылықты серік еткен шәкірттер
🔰3”В” сынып оқушысы Қанатбек Кәусар  *❄️ Қысқы демалыс – шабыт пен шығармашылықтың кезеңі! ⛄️*
05
қаңтар
2026
🔰3”В” сынып оқушысы Қанатбек Кәусар *❄️ Қысқы демалыс – шабыт пен
3”В” сынып оқушысы Қанатбек Кәусар  * Қысқы демалыс – шабыт пен шығармашылықтың кезеңі! * Сынып жетекшісі: Дилдабекова Салтанат
5 “Г” сынып оқушыларының қыстық демалысы
05
қаңтар
2026
5 “Г” сынып оқушыларының қыстық демалысы
5 “Г” сынып оқушыларының қыстық демалысы Қыстық демалыс – оқушылар үшін демалып қана қоймай, қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуге үлкен мүмкіндік. 5 “Г” сынып оқушылары демалыс күндерін мазмұнды ұйымдастырып, түрлі іс-шараларға белсене қатысты. Оқушылар таза ауада серуендеп , қармен ойындар ойнап , спортпен шұғылданып , кітап оқуға  және отбасымен бірге уақыт өткізуге  көңіл бөлді. Бұл олардың денсаулығын нығайтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қызықты өткен қыстық демалыс оқушыларға жаңа оқу
“Мектепішілік “Ата-анамның кәсібі” видеоролик байқауы
05
қаңтар
2026
“Мектепішілік “Ата-анамның кәсібі” видеоролик байқауы
 “Мектепішілік “Ата-анамның кәсібі” видеоролик байқауы   7 “А” сынып білім алушысы Серікхан Айша Нұржанқызы әкесінің жұмысын мақтанышпен таныстырып, байқауға ерекше мазмұнды видеоролик ұсынды.   Айшаның жұмысы – тек бір мамандықты ғана емес, жанұя құндылықтары мен еңбекке деген құрметті дәріптеген шынайы туынды.   Бұл жоба арқылы оқушылар ата-анасының еңбегін бағалауға, жауапкершілік пен ризашылық сезімін қалыптастыруға үйренеді.   Айшаның ізденісі мен шығармашылығына алғыс білдіреміз!
🔰*Қысқы демалыстың қызықты сәттері!*
05
қаңтар
2026
🔰*Қысқы демалыстың қызықты сәттері!*
*Қысқы демалыстың қызықты сәттері!*   #67 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары қысқы демалысты көңілді әрі мазмұнды өткізді. Олар отбасымен бірге табиғат аясында серуендеп, еліміздің көрікті жерлерін аралап, естен кетпес фотосессиялар жасады.    Ақ ұлпа қармен көмкерілген табиғат көрінісі мен балғын жүздерден қуаныш сезіледі. Бұл сәттер – бақытты балалық шақтың жарқын куәсі!  Балаларға жарқын демалыс тілейміз! Жаңа тоқсанда жаңа белестерді бірге бағындырайық! Сынып жетекшісі: Абишева М.М.
🔰Мектеп демалысында біз кітап оқып, уақытымызды пайдалы өткіземіз.
05
қаңтар
2026
🔰Мектеп демалысында біз кітап оқып, уақытымызды пайдалы өткіземіз.
Мектеп демалысында біз кітап оқып, уақытымызды пайдалы өткіземіз. Кітап оқу арқылы біліміміз артып, ой-өрісіміз кеңейеді. Әр оқылған кітап бізге жаңа мәлімет пен қызықты кейіпкерлерді таныстырады. Кітап оқу тіл байлығымызды дамытып, дұрыс сөйлеуге үйретеді. Демалыста кітап оқу — өте жақсы әдет. 5 «В» сынып оқушысы — Сатымхан Нуриддин